
Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желіде бір қолданушы қыздарға қатысты даулы пікір айтып, жұрттың ашуына тиді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Видеода ол жігіттерге қыздарды «ханшайым емес, тек ойыншық ретінде қарау керек» деп ақыл айтады. Оның айтуынша, жігіттер бір қызды ерекше көріп, қадірлеп жүрсе, ол өзін ханшайым сезініп, кейін ер азаматты менсінбей кетеді.
Бұл сөздер көпшіліктің наразылығын тудырды. Желі қолданушылары «Қызыңа өзің сияқты еркек жолықсын», «Әйеліне обал», «Өзіңнің анаң мен қарындасың бар шығар?», «Кешірім сұрап отырған видеосын күтеміз», – деп сынға алды. Кейбірі тіпті оны қатаң жазалауды талап етті.