Жаңалықтар
Қызды құтқарып, пышақ жарақатын алған полицей жол апатынан көз жұмды
Фото: ашық дереккөз
Абай ауданында қыста қызды аман алып қалып, пышақ жарақатын алған полицей апаттан қаза тапты, деп хабарлайды qandastar.kz.
«2024 жылдың 18 қазанында Омбы-Майқапшағай тас жолында үш көліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығыс салдарынан үш азамат қаза тапты, оның ішінде Семей қаласының полиция аға сержанты Ахатов Асхат бар.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Барлық мән-жайлар анықталуда. Полиция департаменті қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтады», – деп хабарлады жұма күні Абай аудандық полиция департаментінің (ПД) баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетейік, 29 ақпан күні полицияға 13 жастағы қыз белгісіз ер адамның аңдып жүргені туралы арызданған. Қыз қорқып, дүкеннен шықпағанын айтқан. Қоңырауға учаскелік полиция инспекторлары жауап берді. Күдікті супермаркеттің жанынан байқаған, алайда жігіт полицейлерді көргенде пышағын алып, тәртіп сақшыларына шабуыл жасай бастаған. Аудандық полиция патрульдік полиция бригадасын шақыруды ұйғарған.
Сол сәтте марқұм патрульдік полицей Асхат Ахатовқа қылмыскер шабуыл жасап, оны пышақтап кеткен. Осыған қарамастан, жараланған қызметкер әріптестерімен бірге ұрыс тәсілдерін қолдана отырып, қылмыскерді ұстаған болатын.