Жаңалықтар
Қызылорда облысында жантүршігерлік жол апаты орын алды
Фото: polisia.kz
Қызылорда облысында полиция адам өліміне алып келген жол-көлік оқиғасы бойынша тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, 13 тамызда Шиелі ауданында екі автокөлік соқтығысып, салдарынан бір адам қаза тапқан. Сондай-ақ, үш адам жарақат алған.
«Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – делінген хабарламада.
Полиция жолда жүру ережелерін қатаң сақтау керектігін ескертеді.