Жаңалықтар

Қызылордада 23 жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалған

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда облысында биыл жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны ұлғайған. Бұл туралы Қызылорда ОПД ЖПҚБ бастығы Е.Жаукеев хабарлады, – деп жазады qandastar.kz

«2022 жылы облыста 8 жасөспірім (Қызылорда қаласы – 5, Қазалы ауданы – 3), 2023 жылы 13 жасөспірім (Қызылорда қаласы – 10, Қазалы ауданы – 3), 2024 жылы 9 ай қорыныдысымен 23 жасөспірім (Қызылорда қаласы – 18, Шиелі ауданы – 5) уақытша ұстау изоляторына түрлі қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін қамауға алынған», – деді ол.

Аймақта топтық төбелес те тыйылмай тұр. Жыл басынан бері 5 дерек тіркелген. Ал кәмелетке толмаған балалардың қатысуымен орын алған жол көлік оқиғасының да саны басым.

«Облысымызда 2022 жылдық қорытындысымен барлығы 7 топтық төбелес тіркелсе, әрбір төбелесте 1-2 бала түрлі дене жарақатын алған. 2023 жылы мұндай деректің 9-ы тіркелді, 2024 жылдық 9 айының қорытындысымен 5 дерек тіркелді.

2022 жылдың қорытындысымен кәмелетке толмағандардық қатысуымен 110 жол көлік оқиғасы болса, одан 136 бала зардап шекккен. 2023 жылы балалардың қатысуымен 180 жол көлік оқиғасы болса, 202 бала зардап шекті. Ал, 2024 жылдық 9 айында жасөспірімдердің қатысуымен 165 жол көлік оқиғасы болып, онда 188 бала зардап шегіп отыр», – деді сала басшысы.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close