Жаңалықтар

Қызылордада 6 жасар екі қызды зорлаған адам қамаудан босатылды

Фото: ашық дереккөз

Қызылорда соты алты жасар екі қызға қатысты зорлық-зомбылық жасаған ер адамды қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлеп емдеуге жіберді. Бұл туралы  qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының хабарлауынша, сотталушыға қатысты қылмыстық іс жабық сот отырысында қаралды.

«Ақыл-есі кем Е екі жас қызға қатысты жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық жасағаны анықталды. Оған екі бап бойынша айып тағылды: Қылмыстық кодекстің 121-бабының 4-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмаған балаға қатысты сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық), Қылмыстық кодекстің 124-бабының 1-бөлігі бойынша (Жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау)», – делінген хабарламада.

Сотталушының кінәсі қылмыстық іс материалдарымен, сарапшылардың қорытындыларымен, куәлардың айғақтарымен толық дәлелденді.

«Сот шешімімен сотталушы Е ақыл-есі дұрыс еместігіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылды. Сот Қылмыстық кодекстің 16-бабында (Есi дұрыс еместiк) көзделген медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданды», – делінген хабарламада.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close