Жаңалықтар

Қызылордада әйелін ұрып өлтірген 26 жастағы азамат ұсталды

 

Фото:azattyq-ruhy.kz

Қызылордада ауылдардың бірінде 26 жастағы жергілікті тұрғын әйелін аяусыз ұрып-соққан. Өкінішке орай, 21 жастағы қыздың мәйіті өз үйінен табылған, деп хабарлайды Qandastar.kz.

26 жастағы Біржан Жаңабай есімді азамат 21 жастағы әйелін ұрып өлтірген. Қылмыс жасағаннан кейін ізін суытпай, оқиға орнынан қашып кеткен.

Жергілікті полиция күдіктіге іздеу салып, кейін оның ұсталғанын хабарлаған.

«Қазіргі уақытта бұл іс бойынша тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жүріп жатыр. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, тергеу жалғасуда», – делінген Қызылорда облысының полиция департаменті жауабында.

Тергеу мүддесі үшін оқиғаның басқа мәліметтері жарияланбайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close