ЖаңалықтарШоу бизнес

Қызылордада әзілкеш Харламовтың құрметіне көше ашылды

Әлеуметтік желілерде әзіл видеоролик кеңінен тарады. Бейнежазбада Қызылорда қаласындағы көшелердің біріне танымал әзілкеш Гарик Харламовтың есімі берілгені туралы айтылады. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Zakon.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеоны көрген желі қолданушылары арасында бұл ақпарат қызу талқыланып, ролик қысқа уақыт ішінде танымалдылыққа ие болды.

Аталған әзілге Гарик Харламовтың өзі де пікір білдірді. Ол Telegram арнасында бұл жаңалықтың өзіне жағымды әсер қалдырғанын жазды.

«Мұндай жомарт марапатқа лайық емеспін деп ойлаймын. Одан да көшені Астана құрамасының құрметіне атаған дұрыс! Күлдім, рахмет, қазақтар», — деп жазды әзілкеш.

Айта кетейік, Қызылордада көшеге Гарик Харламовтың есімі ресми түрде берілгені туралы ешқандай ресми шешім қабылданбаған.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button