Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қызылордада ер адам көршісі мен оның 34 жастағы қызын пышақтап өлтірді

Қайғылы оқиға 7 қаңтардан 8 қаңтарға қараған түні Қызылорда қаласында болды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Қызылорда қаласының тұрғыны және оның 34 жастағы қызы пышақ жарақаттарынан көз жұмды.

Оқиға туралы полицияға қаза тапқандардың көршілері хабарлаған.

Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары күдіктіні қылмыс орнында ұстады.

«Ұсталған азамат – жәбірленушілердің көршісі», — дейді департаменттегілер.

Адам өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button