Жаңалықтар

Қызылордада пластик қалдықтарын өңдейтін цех өртенді

Қызылордада өрт сөндірушілер Сұлтан Бейбарыс көшесіндегі пластик қалдықтарын қайта өңдеу цехында шыққан өртті өшірді, деп хабарлады Qandastar.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өрт сөндірушілер жалынның таралуына жол бермей, оны бірнеше минут ішінде оқшаулады.

«Өрт толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», — дейді Қызылорда облысы ТЖД Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары басқармасының бастығы Әбділда Баякеев.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close