Жаңалықтар

Cексуалды құлдық; Қызылордалық оқушы қыздың ісіне қатысты бес жасөспірім тергелуде

Фото: ашық дереккөз

Қызылордада сексуалды құлдықта болған оқушы қыздың ісіне байланысты тағы 11 күдікті анықталды. Қылмыстық істің 9 қатысушысы қамауда отыр, ал екеуіне «үйқамаққа алу» бұлтартпау шарасы таңдалды. Өкініштісі, оның ішінде бесеуі кәмелетке толмаған жасөспірімдер болып шықты, деп хабарлайды qandastar.kz

Қызылорда облысының полиция департаменті кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары кәмелетке толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға тарту; жезөкшелікпен айналысу үшін притондарды ұйымдастыру немесе ұстау; бопсалау; есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын қолдануға көндіру; азаптау; кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамау бойынша істі қарауда.

«Қылмыстық істердің тоғыз қатысушысы қамауда. Екеуіне «үй қамағына алу» бұлтартпау шарасы тағайындалды. Олардың арасында бес кәмелетке толмаған бала бар. Істің мән-жайы бойынша жәбірленушіден жауап алынды. Сот тыңдауы мен ашық сот талқылауы мәселесі соттың құзыретінде», – делінген ІІМ-нің жауабында.

Бұған дейін министрлік 13 күдікті туралы хабарлаған еді.

 

 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close