Жаңалықтар
Қызылордада шенеунік бизнесмендерді ұлының оқу ақысын төлеуге мәжбүрлеген
Фото: ашық дереккөз
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді аяқтады, – деп хабарлайды Alash.KZ
Антикордың баспасөз қызметінің хабарлауынша, ол ұлының оқуына ақы төлеу қажет екені және дизельді отынмен қамтамасыз ету туралы бизнес өкілдеріне заңсыз нұсқаулар беру арқылы лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді.
Сонымен қатар, шенеунік өңір кәсіпорындарының сұйытылған газдың тиісті көлемін алу құқығын шектеу арқылы заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі келтірді деген күдікке ілініп отыр.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды.
Қазіргі уақытта іс прокурорға жіберілді.