
Фото: видеодан скриншот
Әлеуметтік желіде Қызылорда облысында өткен онлайн-жиынның видеосы тарап кетті. Онда облыстық қорғаныс істері департаменті бастығы бағыныстыларға талап қойған сәтте этикалық нормаларды сақтамағаны байқалған, деп хабарлайды qandastar.kz.
Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл жиын 2025 жылдың 9 маусымында өткен. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, бұл жағдайға байланысты қызметтік тексеріс тағайындалды. Тексеру қорытындысы бойынша құқықтық баға берілетін болады.
Айта кетейік, бұған дейін де осындай жағдайлар болған. Мәселен, «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының бірі қатысқан бейнежазба жұрт арасында кеңінен таралып, талқыға түскен еді. Ал бірнеше күн бұрын шығыс өңірінде спорт басқармасы қызметкерінің «қылыштасу жөніндегі анықтамаға» бола әріптесін балағаттаған жазбасы жарияланған.
Желі қолданушылары «Осыдан кейін органға, мвд-ге, кнб-ге барамын деген талапкерлер ойлансын дер едім… Не осындайға көніп жүресіз, не о бастан бас тартасыз…», «Полковник подполковникті осылай боқтап жатса солдатты түтіп жейтін шығар. Бірақ, мына видеоны подполковник әдейі ашуландыру үшін әңгімеге тартып жатқандай», «Өкінішке орай формадағылардың көбінде жағдай осы», «Осылар ма бізді қорғайтын», «Аттестация мен қорқытып отыр соған сеніп бассынып» деген пікір қалдырды.