Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қызылордада студент 15 жастағы қызды зорлап, денесін пышақпен тілген

Қызылордада колледжде оқитын студент қыз өзін 21 жастағы жігіт төсек қатынасына тартып, әбден қорлады деп шағымданды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы журналист Жанғали Ысқақовтың Facebook-тегі жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

Журналистің айтуынша, жәбірленуші әлі кәмелетке толмаған.

«Жасы 15-те. Бірақ шынашақтай қыздың сөзіне сенсек, жаздан бері жігіттен көрмеген азабы қалмаған. Зорлағанымен қоймай, үйінде ішіп алып, пышақпен денесін тілген. Тіпті достарына ұрғызған. Қыз анасы екеуі полицияға арызданыпты. Қызылорда облыстық полиция департаменті  жігітті әлі қамамаған дейді», — деп бөлісті журналист.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button