Жаңалықтар

Қызылордада V Ұлттық құрылтай басталды

Қызылордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық құрылтайдың V отырысы басталды. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Aqorda Telegram-арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин құрылтайдың жұмысын ашты.

Ол екі күндік форумның бірінші күнінде төрт панельдік секция форматында отырыстар өткенін еске салды. Қатысушылар әлеуметтік-мәдени даму мәселелерінен бастап ғылым мен білім саласына дейінгі кең ауқымды тақырыптарды талқылауда.

— Аталған секцияларда құрылтайдың шамамен 70 мүшесі сөз сөйлеген. Талқылау барысында 200-ден астам ұсыныс пен ұсыныстар айтылды. Барлық бастамалар қазір жинақталған. Олардың кейбірімен бүгін Ұлттық құрылтай мүшелері өз баяндамаларында бөліседі, — деді Ерлан Қарин.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button