Жаңалықтар

Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы қыздың ісі бойынша алғашқы үкім шықт

 Фото: ашық дереккөз

Айыпталушы ретінде қыз баладан ірі көлемде қаржы бопсалаған өңірлік қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкері танылған.  Ол азамат қыз баладан 700 мың теңге бопсалаған. Бұл ақшаның 50 мыңын өзі алып, қалғанын қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлеріне беретінін айтқан. Бұдан бөлек, айыпталушы оқушы қыздың сөмкесінен 35 мың теңгесін алып алған. «НеМолчи» қорының мәліметінше, прокуратура айыпталушыны 7 жыл бас бостандығынан айыруды сұраған, деп жазады qandastar.kz

«Сот оны қылмыстық кодекстің 194-бап бойынша кінәлі деп тапты және 4,5 жылға бас бостандығынан айырды», — деді қор басшысы Дина Таңсәрі.

Істі болған құқық қорғау органдарының қызметкерінің кінәсін дәлелдеу үшін психологиялық-психиатриялық сараптама жасалып, қылмыс орнында тексеру жүргізіліп, жәбірленуші тараппен бетпе-бет кездесіп, оқушы қызды куәлік еткен. Еске салайық, тамыз айында Қызылордада бірнеше мектеп оқушысы 16 жасар қызды сексуалды құлдықта ұстаған деген ақпарат тарады. Оқушыға зорлық көрсеткен қатарластары, оның аузын жабу үшін қорқытып, есірткіге отырғызған. Қызылорда соты 3 күдікті азаматты 2 айға қамаған. Кейіннен іске құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен мектеп ұжымының да қатысы бар деген күдікпен қамауға алынғандар саны 11 адамға жетті. «НеМолчи» қорының мәліметінше, қыз баланы мыңнан аса рет зорлаған.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close