Жаңалықтар
Қызылордалық баланың саусағы велосипедке қысылып қалған

Қызылордалық құтқарушылар саусағы велосипедтің шынжырына қысылып қалған бүлдіршінге көмектесті созды, деп qandastar.kz сайты ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
112 желісіне бес жастағы баланың анасы қоңырау шалып, бала велосипед теуіп жүргенде, оқыс жағдайдың болғанын айтқан. Баланың саусағы шынжыр мен жұлдыздың арасында қысылып қалған.
«Бала саусағын өз бетінше шығара алмаған. Анасы да балаға көмектесе алмаған. Бірнеше минуттан кейін жеткен ТЖМ құтқарушылары екеуін де тыныштандырып, бензорездің көмегімен шынжырды кесіп, баланың саусағын босатты», — деп жазылған хабарламада.
Балаға медициналық көмек қажет болмаған.