Жаңалықтар

Қызылордалық қыз «Қазақ аруы» атанды

Фото: ашық дереккөз
Қызылорда облысының тумасы, 17 жастағы Ақкербез Ысқаққызы “Қазақ аруы-2024” атанды. Оған тәж тағылып, арнайы шапан кигізді. Дауыс берушілердің 30,04%-ы Ақкербезге дауыс берген, деп жазады qandastar.kz
Екінші орынды Алматы қаласының тумасы Ақерке Серікжан иеленді. Ал үшінші орын алматылық Назерке Мырзағалиеваға бұйырды.
Жеңімпазды халық дауыс беру арқылы таңдаған. Дегенмен көпшілік оны әділетсіз өтті деп санап отыр. Сөздерінше, Telegram бот істемей, дауыс берілмей қалған.
Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close