Жаңалықтар
Қызылордалық оқушы қатарласын соққыға жыққан
Фото: ашық дереккөз
Қызылордада мектеп оқушысы сыныптасын ұрып, денсаулығына орта зиян келтірген, деп хабарлайды qandastar.kz.
Оқушы қатарласын әжетханаға кіргізіп ұрған. Оның ата-анасына қатысты әкімшілік жаза тағайындалды.
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамаға сәйкес, азаматша А-ның тәрбиесіндегі кәмелетке толмаған баласы Н бесінші сабақ біткен соң кәмелетке толмаған қатарласы М-ны әжетхана ішінде оң жақ бет тұсынан ұрған. Кәмелетке толмаған М-ға сот медициналық сараптама тағайындалып, оған денсаулығына орта деңгейдегі зиян келтірілгені анықталды”, – делінген хабарламада.
Оқушының ата-анасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамамен келісетінін, баласының әрекетіне өкінетінін білдіріп, жеңіл жаза қолдануды сұрады. Сот әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 127-бабының 3-бөлігімен кінәлі деп танып, оның ата-анасына 55048 теңге көлемінде айыппұл салды.