Білім

Қызылордалық педагог «Әлем мұғалімі» байқауына қатысады

Қызылодадағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Гүлзат Шынтасова 2 мыңнан астам педагогтың арасында өткен бәсекеде «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығын иеленді, деп хабарлайды qandastar.kz

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Гүлзат Шынтасова оқушыны қызықтырудың бірнеше әдісін дайындаған. Соның ішінде ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының әдістемесін бүгінгі білім беру бағдарламасына негіздей отырып жасады. «Қазақстан мұғалімі» байқауында әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған ғалымдар мен сарапшылар осы идеяға ереше назар аударған, деп жазады 24KZ.

«Мұғалім сабақ берумен шектелмей, шығармашыл болуы керек, ізденіс үстінде болу ыкерек, әрине, жан-жақты болу тисі. Өйткені қазіргі бізді оқытып жатқан оқытушыларымыздың көпшілігі жан-жақты. Яғни, қазіргі заманға бейімделіп кеткен оқушылар. Сондықтан олардың ойын бір жерде шоғырландыру өте қиын. Зерттеу арқылы оқушылардың қызығушылығын арттырып отырамыз».Гүлзат Шынтасова, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Ұлағатты ұстаз бұған дейін де республикалық байқауларда топ жарған. Бірнеше шәкірті ғылыми жобалар байқауының жеңімпазы атанды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close