Әлеумет және қоғамЖаңалықтар

Қызылордалық жалғызбасты аналарды перзентханадан қарсы алуды дәстүрге айналдырды

Қызылордалық Мағжан Нәлібаев перзентханадан шығатын, қарсы алатын ешкімі жоқ аналарға қолдау көрсетуді әдетке айналдырған. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Іnstagram желісіндегі dasnews.kz парақшасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Ол аналарды гүл шоқтарымен және қажетті балалар заттарымен қарсы алып, үйлеріне жеткізіп салады.

Бұл бастама қоғамда кең қолдау тауып, көпшіліктің ықыласына бөленуде. Қала тұрғындарының айтуынша, мұндай қамқорлық жалғызбасты аналар үшін үлкен моральдық демеу әрі аналыққа көрсетілген құрмет.

Айта кетейік, аталған үрдіс еліміздің өзге өңірлерінде де біртіндеп таралып келеді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button