Шоу бизнес

«Қызына риза болып отырғаны көрініп тұр»: Мақпал Жүнісова елдің жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

Танымал әнші Мақпал Жүнісова қарт анасы мен отбасын көпшілікке көрсетіп, елдің жүрегін елжіретті, деп жазады qandastar.kz. 

Өнер иесі туған жері – Қарағандыға арнайы барып, қара шаңырақтағы әсерлі әрі жылы сәттерін бөлісті. Әнші анасы мен жақындарын көрсетіп, жерлестеріне сәлем жолдады.

«Қарағандылықтарға сәлем! Қара шаңыраққа келіп, қуанып отырмыз. Аман-сау болыңыздар!» – деп жазды ол.

Әншінің анасы қызы келген сайын құшақ жая қарсы алатынын айтып, ақжарма тілегін білдірді.

«Мақпал – Алматы мен Астанада өскен қыз. Әкесі анда апарып, мұнда апарып, өнерінің арқасында елдің ықыласына бөленіп жүрген перзентім. Қызым келген сайын құшақ жая қарсы аламыз. Өзі жылына бір-екі рет келеді», – деді қарт ана.

Желі қолданушылары әншінің жазбасына жылы пікір қалдырып, ізгі тілектерін арнады.

«Анасы өте дұрыс айтып отыр, 100 жасасын», «Қызы туралы қандай керемет айтты», «Барлығы осы ананың тәрбиесі», «Қызына риза болып отырғаны көрініп тұр», – деп жазды оқырмандар.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button