Әлеумет және қоғамЖаңалықтар
Ләйлә Сұлтан FlyArystan-ның үстінен арыз жазды
Фото: жеке қорынан
Бұл туралы танымал тележүргізуші парақшасында жазды, – деп хабарлайды qandastar.kz.
“Бүгін кешкі 21:50 шамасында KC7326 рейсімен Шымкенттен Астанаға ұшып келдім.
Ұшақтың есігі ашылмай, тұрып кеткен жанымдағы жолаушының абайсыздығынан бетіме үстіңгі сөреде тұрған ауыр зат маған құлап, КӨЗІМНІҢ ТҰСЫН ЖЫРЫП, ҚАБАҒЫМ ЖАРЫЛДЫ. Бұл – flyarystan әуекомпаниясы қауіпсіздік шарасын сақтамағандықтан орын алған жағдай. Бордсеріктер мен әуекомпанияның алғашқы көмекке дайын емес болғанына қапа болдым! Не аптечка, не мұз, не суық зат, не қан тоқтатын, не салфетка жоқ.
Меніңше, орнымда бала, қарт адам отырып, басы жарылса, қатты жараланса, миы шайқалса, көп қан кетсе жағдай қиын болар еді”, – деді ол.
Ләйлә Сұлтан әуе компаниясының әрекетін жауапсыздыққа балап отыр.
“Әр бортсерік жолаушы мініп-түскенше адам денсаулығына жауапты, алғашқы көмек көрсетуге міндетті!”, – деп қапаланды ол.