Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы әлеуметтік желідегі парақшасында тұңғыш ұлы Сағадаттың туған күніне орай жүрекжарды жазбасын жариялады, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Оның айтуынша, бүгінде ана атанғанына тура 19 жыл толып отыр.
«Бүгін мен үшін ең қымбат мәртебеге – ана атанғаныма 19 жыл. Бұл – тұңғыш рет ана болған күнім», – деп жазды ол.
Тележүргізуші сол күні дүниеге келген сәбиінің бүгінде 19 жасқа толғанын атап өтіп, ұлының әкесіне қатты ұқсайтынын айтты. Сағадат әкесінен тек келбетін ғана емес, мінез-құлқын, сөйлеу мәнерін де толықтай алғанын жеткізді.
«Сол күнгі кішкентай сәбиім – Сағадат батыр бүгінде 19 жаста. Әкесінен аумайды: түрі де, мінезі де, сөйлеген сөзі де – бәрі ұқсас», – деп жазды ол.
Сөз соңында Ләйлә Сұлтанқызы ұлына ақ тілегін арнап, әрдайым жанынан табылатынын айтты.
«Саға балам, аман-сау бол! Інің екеуміз сені әрдайым қолдаймыз. Ұзақ ғұмыр кеш, балам!» – деп түйіндеді тележүргізуші.



