Қазақстанның Халық әртісі, әнші Мақпал Жүнісова тосын жағдайға тап болғанын айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Жуырда әншінің туған күні болды.
Әншінің айтуынша, өнердегі інісі Абай Бегей тосыннан гүл сыйлаған.
«Евразияда тігінші қыздарға келгенімді Абай Бегейдің бауыры көріп қойып, ағасына айта қойған екен. Абай бауырым бірден гүл алғызып осылай құттықтап жіберді. Алла разы болсын, енді киноға кетіп барамын», — деп жазды әнші.
Оқырмандары әншіге қолдау білдіріп, Абай Бегейді бұл әрекетін жоғары бағалап жатыр.
«Абай Бегейдің адамгершілігіне көп рахмет», «Жарайсың Абай мырза» және «сіз бәріне лайықты жансыз» деп жазып жатыр олар.



