ЖаңалықтарШоу бизнес

«Лампаға жатқызып жатырмыз»: 9 жылдан кейін сәбилі болған Елдос «Колобок» өз уайымын айтты

Танымал блогер Елдос «Колобок» әлеуметтік желіге шығып, алғаш рет өз баласы жайлы ашып айтты, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Әзілкеш көптен күткен баласын әйелімен кезектесіп бағып жүргенін айтты.

Дегенмен бірталай қиындықтарға да кезіккенін жасырмады.

«Келіншегіме бала туып берші әры қарай өзім қараймын, тек емізіп бер болды дегенмін кезінде… Қазір кезектесіп қараймыз балаға күндіз де түнде де. Өз кезегімде шаршап маңырап қалатыным ше. Содан кейін өзіме ұрсып қоямын ғой «осы күнді аңсадың ғой, кө*іңді қысып қара балаға» деп. Бала туып, оны бағып қарап, түн ұйқысын төрт бөлетін аналарға шексіз алғыс. Мықты екенсіздер. Айтпақшы сарын қалай тез емдеп жатырсыздар? Лампаға жатқызып жатырмыз, дәрігер қарап кетіп жүр, күніне екі рет холудексан беріп жүрміз», — деді Елдос «Колобок».

Блогердің оқырмандары жаңа әкеге барынша қолдау білдіріп жатыр.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button