Әлем жаңалықтарыӘлеумет және қоғамЖаңалықтар

Ленинград облысындағы байланыс нысанына жасалған шабуыл: екі қазақстандық күдікке ілінді

Ресейдің Ленинград облысында ұялы байланыс инфрақұрылымына зиян келтіру дерегі бойынша шетел азаматтары ұсталды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Тергеу мәліметінше, қылмысқа күдікті екі жас – Қазақстан азаматтары.

Сот органдары таратқан ақпаратқа сәйкес, 19 жастағы күдіктілер Санкт-Петербург қаласында уақытша тұрған. Тергеу нұсқасына сай, олар белгісіз тұлғалардың тапсырмасын орындап, Ломоносов ауданындағы байланыс операторының базалық станциясына тиесілі тарату қалқанын өртеген.

Құқық қорғау органдарының айтуынша, күдіктілерге аталған әрекеті үшін 40 мың рубль көлемінде ақша уәде етілген. Тергеу барысында олардың тұрақты табыс көзі болмағаны және ауыр қаржылық жағдайда жүргені анықталған.

Оқиғадан кейін жасырынуға тырысқан азаматтар такси арқылы қашпақ болғанымен, көп ұзамай ұсталған. Қазіргі таңда олар Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексінің 281-бабы, 2-бөлігі бойынша жауапқа тартылып отыр. Бұл бап «адамдар тобы жасаған диверсия» ретінде сараланып, 12 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button