
Дубай қаласында Қазақстанның ІІМ Интерпол ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Lenovo Қазақстан компаниясының корпоративтік сатылымдар жөніндегі директоры Ермек Жакипжановтың өліміне қатысы бар деген күдікпен қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлады qandastar.kz
Polisia.kz порталында жазылғандай, тергеу мәліметінше, қылмыстың себебі — күдіктінің техника жеткізуге байланысты алған қарыз міндеттемелерін орындамауы болған.
ІІМ өкілдерінің айтуынша, бұған дейін қылмыстың екі орындаушысы ұсталып, олардың бірі шетелден экстрадицияланған. Ол биыл шілде айында Әзірбайжаннан Қазақстанға жеткізілген.
Еске сала кетейік, 2024 жылдың 10 қазанында Алматин облысы, Іле ауданының Өтеген батыр кенті маңынан 42 жастағы Ермек Жакипжановтың мәйіті табылған еді. Марқұмның денесінде зорлық белгілері болған. Бизнесмен бір тәуліктен аса уақыт іздестірілді.