Жаңалықтар

«Lexus 600»-ға қуанып жүрген сияқты: Елдос Сметов пен бапкерінің биі желіні жарды

Фото: https://www.instagram.com/yeldos60kg/

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов туған жерінде жерлестері күтіп алды. Дзюдошы Елдос Сметовке мемлекеттік беретін сыйақысынан бөлек түрлі демеуші кәсіпкерлер басқа да сыйлықтар табыстауда. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Олимпиада чемпионына туған жері Таразда құрмет көрсетілді. Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Сметовке жаңа Lexus 600 автокөлігі мен Тараз қаласынан 5 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Сметовтің жаттықтырушысы Ғалымжан Жылгелдиевке де 2 бөлмелі пәтер берілді.

Одан кейін желіге спортшыға арналған тойдың видеосы тарады. Ол жерде дзюдошы мен жаттықтырушысы билеп жүргенін көруге болады. Оқырман қауым түрлі пікір білдіріп, қуанышқа ортақтасып жатыр.

«Керемет көңіл күй сыйлады», «Екеуі де биден жарыс болса, бірінші орын алайын деп тұр», «5 бөлмелі үй мен lexus 600-ға қуанып жүр», «Екеуіне не істесе де жарасады», «Мына жақта біз де билеп отырмыз», – деп жазды желі қолданушылары.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close