ЖаңалықтарСпорт

Лионель Месси Клозенің тарихи рекордын жаңартты

Лионель Месси әлем чемпионаттары тарихындағы ең үздік бомбардир атанды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.

Аргентина құрамасының көшбасшысы 2026 жылғы әлем чемпионатында Австрияға қарсы матчта дубль жасап, тарихи рекорд орнатты.

Осылайша ол әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша бұрынғы рекорд иесі Мирослав Клозені басып озды.

Кездесудің 9-минутында Месси пенальтиден есеп ашса, 38-минутта тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсті. Бұл голдар оның әлем чемпионаттарындағы жалпы көрсеткішін 18-ге жеткізді.

Бұған дейін неміс шабуылшысы Мирослав Клозе әлем чемпионаттарында 16 гол соғып, рекорд иесі атанған еді. Месси алғашқы турда Алжир қақпасына хет-трик жасап, осы көрсеткішке теңескен болатын. Ал Австриямен ойында тарихи межеден асып түсті.

38 жастағы аргентиналық футболшы тағы бір маңызды көрсеткіш бойынша көш бастап тұр. Ол әлем чемпионаттары тарихында ең көп матч өткізген ойыншы саналады. Қазір оның еншісінде 28 ойын бар.

Айта кетейік, 2026 жылғы әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатыр. Турнир тарихында алғаш рет финалдық кезеңге 48 құрама қатысуда.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button