Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

«Лос-Анджелесте кездескенше»: Елдос Сметов президент қабылдауынан кейін желіде жазба қалдырды

Фото: ашық дереккөз

Париж олимпиадасында Қазақстан құрамасының қоржынына жалғыз алтынды салған Елдос Сметов президент қабылдауынан кейін желіде жазба қалдырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Дзюдо күресінен қазақтан шыққан тұңғыш олимпиада чемпионы Елдос Сметов АҚШ-тағы олимпиада ойындарына қатысатынын Instagram желісінде жариялады.

“Бүгін мемлекет басшысының қабылдауында болдық. Спорт жолы оңай емес. Бізге әрқашан қолдау білдіріп келген ең алдымен халқыма және мемлекет басшысына ерекше алғыс білдіремін. Жанымнан табылған отбасыма, жаттықтырушыма мың алғыс. Қазақ елі жасасын! Көк туымыз биікте желбіресін. Лос-Анджелесте кездескенше” – деді Сметов.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close