Жаңалықтар

Лос-Анджелестің кей аудандарында коменданттық сағат жарияланды

Лос-Анджелес мэрі Карен Басс пен жергілікті полиция басшысы Джим Макдоннелл иммиграциялық қызмет рейдтеріне қарсы протестер салдарынан қаланың кей аудандарында коменданттық сағат жариялады, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы ВВС-ге сілтеме жасап.

Қала басшысы коменданттық сағат кешкі сағат 8-ден таңғы 6-ға дейін бірнеше күнге жалғасатынын айтты.

Айтуынша, қалаға айтарлықтай залал келтірілген. Бірақ коменданттық сағат тек ауқымы 1 шаршы миль аумақта ғана болатыны айтылды. Сонымен қоса осы аудандардың тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының аккредитациядан өткен қызметкерлеріне ешкім тиіспейді деп отыр.

LAPD (жергілікті полиция) басшысы коменданттық сағат тәртіпсіздіктер тоқтағанша «өмірді құтқару мен жеке мүлікті қорғау» үшін қажетті шара екендігін түсіндірді.

Сонымен қатар сенбі күні – 27 адам, жексенбіде – 40, дүйсенбіде – 114, сейсенбіде – 197 адам тұтқындалған.

Карен Басс сонымен қатар президент Дональд Трампты заңсыз мигранттарға қатысты иммиграциялық және кедендік полицияның (ІСЕ) рейдтерін жүргізуді тоқтатуға шақырды. Ол Трамппен байланысып, осы тақырыпты талқылағысы келетін ниетін жеткізді.

Лос-Анджелестегі жаппай наразылықтың соңы тонау мен вандализмге жалғасты.

Сонымен қоса елдегі тәртіпсіздіктер Калифорниядан басқа штаттарға тарады.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close