Жаңалықтар
Louis Vuitton мен Gucci брендтері Түркістанның маталарын пайдаланбақ
Фото: АШМ
Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, Түркістанда 146,8 млрд теңгенің мақта өңдеу кешені салынады, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.
Толық циклді тоқыма фабрикасында 11 цех жұмыс істейтін болады – иіру, мата өндіру, бояу, өңдеу. Өндіріс қуаттылығы жылына 13 мың тонна иірімжіп, 50 млн метр үй тоқымасын, 7 млн жиынтық төсек әбзелдерін шығаруға жетеді. 2 мыңнан астам жұмыс орны құрылады.
Мақта-мата кластерін дамытуға бағытталған өндірістік кешеннің құрылысын Xinjiang Lihua (Group) Co., LTD жүргізеді. Жобаның маңызды артықшылығы компанияның Louis Vuitton және Gucci сияқты сән индустриясының алыптарымен тікелей ынтымақтастығы болып табылады.
Болашақта «made in Turkestan» тігін жіптері мен маталары осы брендтерге сатылатын болады.
Түркістан облысы – Қазақстанның мақта өсіретін жалғыз өңірі. Облыс аумағында жыл сайын 100 мың гектар жерге мақта егіліп, 300 мың тоннадан астам өнім жиналады.