Жаңалықтар

LRT биыл да қосылмайтын болды

Ақорда кулуарында премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр LRT-ны тестілік режимде іске қосу мерзімі келесі жылдың аяғына қалдырылғанын айтты. Бұған дейін Астанадағы LRT-ны осы жылы іске қосу жоспарланған еді, деп хабарлайды Qandastar.kz  ақпарат порталы.

«Тестілік режимде іске қосу келесі жылы басталады, келесі жылдың соңында», – деді Скляр.

Бұған қоса ол келесі жылы жолаушылар тасымалы басталатынын да атап өтті.

Еске салсақ, бұған дейін «CTS» ЖШС басқарма төрағасы Асылбек Дүйсебаев LRT-ны тестілік режимде іске қосу, яғни жолаушысыз пойыздарды сынақтан өткізу осы жылдың қыркүйек айына жоспарланғанын айтқан еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close