Жаңалықтар
LRT-ның алғашқы вагондары Астанаға жіберілді

Фото: Астана әкімдігінің баспасөз қызметі
Қытайдың Таншань қаласында Астана қаласына арналған LRT вагондарының алғашқы екі құрамы жіберілді, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпараттық сайты.
LRT-ға арнайы барлығы 19 жылжымалы құрам шығарылады. Автоматтандырудың төртінші деңгейіндегі заманауи төрт секциялы ұшқышсыз пойыздардың әрқайсысына 650 жолаушыны қабылдай алады.
Вагондар Қытайдың теміржол саласындағы ең ірі әрі көне кәсіпорындарының бірі — 1881 жылы негізі қаланған «CRRC Tangshan» зауытында өндіріледі.
Алғашқы екі құрамды Астанаға жеткізу 2025 жылдың маусым айына жоспарланған. Қалған 17 бірлік осы жылдың соңына дейін жөнелтіледі. Желі қыркүйекте сынақ режимінде пайдалануға беріледі.
Астанаға алғашқы екі құрамды жеткізу маусым айына жоспарланған. Қалған 17 құрам осы жыл соңына дейін жеткізіледі. Желіні сынақтан өткізуді бастау қыркүйек айына жоспарланып отыр. Қазір Астанадағы LRT жобасы аясында құрылыс жұмыстарының басым бөлігі аяқталды. Жол төсеу, станциялар қасбетін монтаждау, эстакаданың тіректері мен арқалықтарын сырлау, сыртқы инженерлік желілерді қосу, эстакада асты аймағын абаттандыру және депо құрылысы жұмыстары жалғасып жатыр, — деп хабарлайды «City Transportation Systems» ЖШС.