Жаңалықтар
Лю Шицинь: «Тоқаев сабақты бар ынтасымен оқитын»

Лю Шицинь 1983 жылы Қасым-Жомарт Тоқаевқа сабақ берген. Пекиінге тіл үйренуге келген студенттердің арасында Тоқаев бірден көзге түскен.
«Тоқаевті алғаш рет көргенде сұңғақ бойлы, үлкен мұрынды боз бала еді. Оның сабақты бар ықыласымен тыңдайтыны, ерекше ұқыптылығы есімде қалыпты. Дәріс кезінде ұстаздың әрбір сөзін жазып отыратын. Ол –әңгімешіл, ақжарқын мінезімен ерекшеленді. Тоқаев сабақты құлшыныспен,табандылықпен оқыды. Оқи жүріп, Қытай қоғамының дамуына ерекше назар аударды. Сондықтан сабақ үстінде алған білімін қоғамдағы мәселелермен байланыстыруға тырысатын. Ол — кішіпейіл, көмектесуге үнемі дайын тұратын. Осы қасиеттер Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық жолға түскенде, әсіресе БҰҰ-да абыройлы қызмет атқаруына негіз болды» — дейді, зейнеткер Ұстаз.
Өзекті ақпарататтық порталының физбуг парақшасынан алынды