Жаңалықтар
М. Тәкиев: Бюджете ₸3,5 трлн тапшы
Қазақстанның бюджеттік шығыны артып, кірісі кеміді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында айтылды,-деп хабарлайды Qandastar.kz
Экономикалық өсімге қол жеткізу жолдары, бюджеттің бүгінгі жайы, негізгі экономикалық салаларға серпін беру. Бүгінгі отырысқа арқау болған тақырыптар – осы.
Бақыт Топтаева, тілші: – Қаржы министрі шығыстардың көлемі көз ілеспес жылдамдықпен өсіп жатқанын мойындады. Мәди Тәкиевтің айтуынша, биыл бюджет кірісі болжаммен 16 трлн-ға жуықтауы мүмкін. Ал биылғы бюджет тапшылығы 3,5 трлн көлемінде болмақ. Қазірдің өзінде бюджет шығыс 24 трлн-ды құрайды. Соңғы 10 жылда бюджет шығысы 10 трлн-ға ұлғайса, ал кірістің өсімі 8 трлн теңге шамасында.
Кірісті ұлғайту үшін салық пен кеденді әкімшілендіру жүргізіліп жатқанын атап өтті. Биыл 9 кеден бекеті жөнделіп бітсе, тауарлардың шекерадан өту қарқыны өседі. Сауда айналымы ұлғайса, осының есебінен кіріс мөлшерін арттыруға болады деген сенім білдірді. Айта кетейік, жуырда ғана Қытаймен арадағы көлік транзитіне қатысты келісім ратификацияланған еді. Осылайша, Қазақстан арқылы транзиттік тасымалды 2-3 есеге ұлғайтудың алғышарты жасалды.