Желіде танымал әншінің бейнесін қайталаған визажисттің видеосы тарап, түрлі пікір тудыруда, деп жазады qandastar.kz порталы.
Ардақ есімді блогер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында видеомен бөлісті.
«Бәріңіз Мадинаға ұқсайсын деп едіңіздер, ал өзімді бояп Мадина ханымға ұқсап ұқсап қалдым ба? Жаңадан бастап жатқан бизнес парақшама жазылып алыңыздар», — деп жазды ол.
Желі қолданушылары видеоны әртүрлі қабылдады.
Бірі жай күліп қараса, екіншілері сынап та жатыр.
«Қыздар не істейміз, армияға кетеміз ба», «мынаған кім Мадинаға ұқсайсың деп жүрген», «Мадинаға емес Луинаға ұқсап тұр», «Мәдина әпше, конкурент пайда болд сізге», «Армияға қай жылғы қыздарды әкетіп жатыр» деп жазып жатыр олар.
Посмотреть эту публикацию в Instagram



