Мәдениет
Мадина Сәдуақасова АҚШ-қа кететінін айтты
Фото: жеке қорынан
Отандық шоу-бизнес жұлдызы, әнші Мадина Сәдуақасова жақсы жаңалығын бөлісті. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі жақында АҚШ-қа аттанатынын хабарлады.
“Достар, бұл екі күннен кейін «визаға рұқсат берілді» деген мөрі бар құжатты алдым деген сөз. Америкаға он жылға виза бар. Бір ай бұрын дайындалдым. Көптеген сұраққа қалай жауап беру керек, қалай сөйлеу керек екенін үйретті. Соның арқасында азғантай уақыт ішінде көп сұрақ қоймай, мөрді басып, паспортымды алып қалды. Енді сол визаны алуға келіп тұрмын. Қазір АҚШ елшілігінің алдына келдік. Кезекте тұрмыз. Бұл визаны не үшін алғанымды кейінірек айтып беремін», – деп қуанышын жасырмады Сәдуақасова.
Еске салайық, Ерке мен Райымның АҚШ-қа ән сапары кейінге қалдырылған еді.
“АҚШ-тағы концерттеріміз визамыздың дайын болмағанына байланысты ақпан айына ауысты. Қазір Америкада қыдырып жүретін едім. Әрине, барлығына шүкір», – деген еді Ерке Есмахан