Танымал әнші Мадина Сәдуақасова анасын туған күнімен ерекше құттықтап, жүрекжарды лебізін әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды qandastar.kz
Әншінің айтуынша, бұл кеште жылы тілектер де, гүлдер мен сыйлықтар да молынан болған. Ерекше сыйлықтардың бірі — мектеп кезіндегі естелік суретті сыныптастарының сыйлауы. Бұған қоса, әншінің ұлы Әнуар бастаған немерелер «Асыл әжем» әнін шырқап, кештің көркін қыздырған.
— Ырысбала сіңілім шашу шашып, анама жаңа iPhone мен шапан тарту етті. Мақпал апай аппақ шапан жауып, анам той бойы үстінен шешпей жүрді. Ал ата-анама Дубайға жолдама табысталғанда бәріміз таңғалып қалдық. Әкем: «Осы екі бала жібермегенде, Эмиратты көрмей өтетін едік», — деп әзілдеді.
Анам мен әкем үйленгенде той жасалмаған екен, анам ақ көйлек кимеген. Сол арманын орындап, 70 жасында анама ақ көйлек тіктірдім. Осындай қуанышты сәт әрбір үйде болсын, -деп жазды Мадина.



