ЖаңалықтарШоу бизнес

«Маған қатысы жоқ жанға уақыт құртпаймын»: Әсел Сәдуақасова әсерлі жазба жариялады

Қазақстандық әнші, актриса әрі продюсер Әсел Сәдуақасова соңғы бір жылда өмірінде орын алған жеке өзгерістер жайлы ойымен бөлісті. Бұл туралы Qandastar.kz ақпарат порталы Instagram желісіндегі Qazaqtoday парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Өнер иесінің айтуынша, қазір өзін бұрынғыдан гөрі үйлесімді әрі сабырлы сезінеді. Әсел жалғыздыққа, қарым-қатынасқа және жеке құндылықтарға деген көзқарасын түбегейлі қайта қарағанын жеткізді.

«Өткен жылдың ең үлкен сыйы – жалғыздықтан қорықпайтын болдым. Өзімді уытты сезінетін қарым-қатынастарға жабыспаймын, өміріме кедергі келтіретін немесе жанымды ауыртатын нәрселердің бәрін алып тастаймын», – деп жазды ол.

Сондай-ақ актриса өз-өзімен және жақын жандарымен бірге болғанда өзін еркін әрі жайлы сезінетінін атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде баршаға бірдей ұнауға тырысу ол үшін маңызды емес.

«Өзіммен және жақсы көретін адамдарыммен бірге болғанда өзімді жақсы сезінемін. Қазір менің құндылығым басқаша қалыптасты, енді маған қатысы жоқ жандардың мақұлдауына уақыт пен күш жұмсағым келмейді», – деп түйіндеді Сәдуақасова.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button