Жаңалықтар

Мағауия Сарбасов: Ауғанстанда өзін «қазақпыз» деп жалған айтушылар болуы мүмкін

Бүгін «Отандастар қоры» КЕАҚ ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жолдауы талқыланды.

Жиынға Қоғам басшылығы, қоғам белсенділері, сарапшылар, журналистер мен студент жастар қатысты.
Іс-шара аясында қатысушылар Мемлекет басшысының Ауғанстандағы ахуалға байланысты айтқандарын қолдайтынын жеткізді.

«Қазіргі кезде Ауғанстандағы жағдай бәрімізді алаңдатып отыр. Бұл, әсіресе, сол жақтағы қандастарымыздың хал-ахуалына байланысты. Бұл өте күрделі және жан-жақты қарауды талап ететін маңызды мәселе. Осы орайда «Отандастар қоры» еліміздің Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп, қолдан келетін тиісті жұмысты бастап та кетті», – деді «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті Мағауия Сарбасов.

Сондай-ақ ол әлеуметтік желіде тарайтын әртүрлі жалған ақпаратқа сеніп қалмауға шақырды.

«Соңғы кезде Ауғанстаннан мыңдаған босқын келеді, ол жақта мыңдаған қазақ тұрады деген ақпарат әлеуметтік желі мен мессенджерлерде тарап жатады. Бұл шындыққа жанаспайтынан атап өткім келеді. Сондықтан да азаматтарды тек ресми ақпаратқа, Сыртқы істер министрлігінің мәліметтеріне сүйенуге шақырамын. Себебі сарапшылардың айтуынша, өзін қазақпыз деп таныстыратын адамдардың көбі қазақ болмай шығады. Тіпті ол жақта ауған мемлекеттік мекеме өкілдеріне пара беріп, ұлтың растайтын құжатты қолдан істеп алуға болады деген де мәлімет бар. Біздің елшіліктегі қызметкерлер әр жағдайды жеке әрі мұқият қарап, елімізге көмекке зәрі әр қанадасымыз аман-есен оралатынына сенімдімін», – деді «Отандастар қоры» КЕАҚ вице-президенті.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close