Жаңалықтар

«Магнитудасы 6,1»: Түркияда тағы да жер сілкінді

Фото: ntv.com.tr

10 тамыз күні кешке Түркияның солтүстік-батысындағы Балыкесир елді мекенінде магнитудасы 6,1 жер сілкінісі болды, деп жазады qandastar.kz

Төтенше жағдайлар мен табиғи апаттардың зардаптарын жою басқармасының мәліметінше, жерасты дүмпуі сағат 19:53 шамасында тіркелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі TRT Globalбасылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Жер сілкінісінің эпицентрі 11 шақырым тереңдікте, Сындыргы ауданында болды. Жерасты дүмпуі Измир, Кютахья, Ялова, Ыстамбұл, Маниса, Ушак, Айдын, Эскишехир, Сакарья және Текирдаг қалаларында да сезілді. Салдарынан Сындыргыда бір ғимарат қирады.

Ішкі істер министрі Али Ерликаяның айтуынша, екі адам құтқарылып, тағы екеуі үйінді астынан шығарылып жатыр.

“Негізгі дүмпуден кейін өңірде магнитудасы 4,6; 4,1 және 4,0 болатын үш афтершок тіркелді. Олардың ошақтары 6,78–16,07 шақырым тереңдікте орналасқан. Жер сілкінісі Ыстамбұлда да сезіліп, көптеген тұрғын үйлерін тастап, саябақтар мен ашық алаңдарға жиналған”, – деп жазды басылым.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button