Әлеумет және қоғам

Magnum дауы: жұмыстан қуылған курьерге қатысты тың дерек шықты

Фото:Dalanews.kz

Клиенттен қазақша сөйлеуін сұраған курьер туралы жаңа деректер белгілі болды, деп хабарлайды qandastar.kz   Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

Журналист Руслан Өтепбайдың мәліметінше, курьердің есімі Еркін. Жасы 38-де. Талдықорғанның тумасы. Курьер болып жұмыс істеп жүргеніне 1,5 жылдай болған.

«Тапсырыс берушіні растау үшін аты-жөнін сұрадым орысша жауап берді. Қазақша сөйлей берсеңізші дедім бар болғаны. Дөрекілік танытқам жоқ», дейді курьер Qazaqtimes-қа берген сұхбатында.

Оқиға неден басталды?

Әлеуметтік желілерде Magnum супермаркеттер желісінің курьерінің жұмыстан шығарылуы қоғамда үлкен талқыға түсті. Бұл жағдай курьердің клиенттен қазақ тілінде сөйлеуін сұрауынан кейін болған.

Клиент Асылхан есімді азаматтың айтуынша, ол Magnum-нан азық-түлікке тапсырыс берген кезде, курьер одан қазақша сөйлеуді талап еткен. Кейін бұл оқиға әлеуметтік желіде жарияланып, нәтижесінде курьер жұмыстан қуылған.

Magnum компаниясы не деді?

Magnum компаниясы бұл жағдайға қатысты ресми мәлімдеме жасап, курьердің жұмыстан шығарылуы тек тіл мәселесіне байланысты емес екенін айтты. Олардың мәліметінше, курьер клиенттермен бірнеше рет дөрекі сөйлескен.

Компания барлық тұтынушыларға бірдей құрметпен қарайтынын және қызмет көрсету мәдениетін жоғары бағалайтынын жеткізді.

Қоғамдық реакция және бойкот жариялау

Бұл жағдай қоғамда үлкен наразылық тудырды. Көптеген қазақстандықтар Magnum желісіне бойкот жариялайтынын мәлімдеді. Әлеуметтік желі қолданушылары компанияның әрекетін сынға алып, мемлекеттік тілге деген құрметтің төмендігін атап өтті.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close