Тұрсынбек Қабатовтың бұрынғы әйелі Мөлдір Мұқанның жас жігітпен ән айтып тұрған видеосы тарады, деп жазады qandastar.kz.
Әлеуметтік желіге жүктелген видеода ол өзінің алғашқы әні «Арамызда қалсын бәрі» композициясын жас әншімен дуэтте орындап тұр.
Видеодан бұл телеарналардағы жаңа жылдық қойылымға дайындық сәті екені байқалады.
Алайда пікірлер бөлімінде Мөлдірді біреулері мақтаса, басқалары даттады.
«5 бала туды деп кім айтады, жап-жас»,
«Махаббат екеуі!»,
«Сіңілім, Мөлдірім! Қандай жарасымды жұп!»,
«Шаршатты осы екеуі, әлі Жаңа жылда да тыңдаймыз ба, не?» – деп жазды желі қолданушылары.
@amantai_aben Жаңа жылдық түсірілім #rek #musica #hit ♬ оригинальный звук — Амантай Әбен



