Жаңалықтар

Мәйіт табылды: Павлодарда аңшылар жоғалып кетті

10 қазанда Павлодар облысында екі адам ГРЭС-1 бағытында аң аулауға шығып, қайтып оралмаған, деп хабарлайды Qandastar.kz.   Облыстық ТЖД құтқарушылары Екібастұз ауданындағы Шолақсор көлінде жоғалған аңшылардың бірінің денесін тапты. Екіншісі әлі де іздестіріліп жатыр.

10 қазанда екі адам ГРЭС-1 бағытында аң аулауға шығып, қайтып оралмаған. Олардың жоғалып кеткені туралы хабарлама тек 17 қазанда түскен.

— Сол күні, сағат 15:29–да, жағадан 15 метр қашықтықта құтқарушылар дрон мен арнайы жабдықтың көмегімен жоғалған адамдардың бірі 1973 жылы туған ер адамның денесін тауып, судан шығарды. Екінші адамды іздеу және құтқару жұмыстары жалғасып жатыр, — делінген хабарламада.

Оған ТЖД құтқарушылар, қызметтік иттері бар кинологтар, полиция, ЖАО, еріктілер жұмылдырылды.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button