Жаңалықтар

«Майқайыңалтында» тағы бір адам қаза болды

Фото: ашық дереккөз

Павлодардағы «Майқайыңалтын» АҚ кенішінде жұмысшы қаза тапты. Оқиға бүгін күндізгі уақытта болған, деп хабарлайды qandastar.kz

Жұмыс барысында тиеу-тасымалдау машинасының жүргізушісі кері шегінген кезде жұмысшыны қағып кеткен. 1992 жылы туған ер адам ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмды.

Облыстық еңбек инспекциясы оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатқанын айтты. Қазіргі уақытта арнайы тергеу басталды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close