Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Лондонда жанкүйерлердің оны ерекше ықыласпен қарсы алғанын көрсете отырып, әлеуметтік желідегі парақшасында видео жариялады, деп жазады qandastar.kz.
Ұлыбритания астанасындағы концерт оның Шығыс пен Батыс тыңдармандарын жақындастыруды мақсат еткен Stranger турының бір бөлігі болды.
«Рахмет, Лондон. Бұл видео концерттен кейін біз тоқтаған қонақүйдің алдында түсірілген. Барлығыңызға алғыс айту үшін көліктің төбесіне шығуыма тура келді. Сүйемін. Ертең Берлинде кездескенше. Сіздердің керемет видеоларыңызға рахмет», – деп жазды ол жанкүйерлердің ықыласына жылы жауап беріп.
Әншінің жазылушылары Лондондағы концерттің қаншалықты жарқын және әсерлі болғанын атап өтті.
«Керемет, концерт ғажап болды», «Тура Майкл Джексон сияқты — көліктің төбесіне шығыпты», «Міне, жанкүйерлердің махаббаты», – деп пікір қалдырды олар.



