Дін

«Маймыл деуге батпадым»: атеисттер «сиыр» деген имам кешірім сұрады (ВИДЕО)

«Нұр-Мүбарак» университетінің имамы Нұржан Смағұловтың халықтан кешірім сұрады, деп жазады qandastar.kz.

Оның бірнеше пайымдаулары қазақстандықтардың жағасын ұстатқан еді.

Жақында ғана «Педофилдің болуы — Алланың бар екеніне дәлел» деген имам, қазақтың жазылмаған заңы «Жеті атаға толмай қыз алыспау» дәстүрін жоққа шығарған болатын.

Енді бір сұхбатында «атеисттер сиыр ғой» деген сөзін қайтып алып, көпшіліктен кешірім сұрады.

Оның айтуынша ол «маймылдан жаралған» деген Дарвинның теорисына сенетіндіктен Құдайға сенбейтін адамдарды маймыл деп атағысы келген. Бірақ ол тым дөрекі болады деп есептеп, сиыр деп атапты.

Пікірлерде имамның кешірім сұрауының шынайылығына желі қолданушылары сенбей, оған ауыр сөздер жазды.

 

@tektikazahk♬ оригинальный звук — Ұлтжанды

Ұқсас Мақалалар

Back to top button