Мәдениет

Мақпал Жүнісова 62 жасқа толды

Фото: ашық дереккөз

Бүгін Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жігер» фестивалінің, Халықаралық «Азия дауысы» байқауының лауреаты, «Тарлан» сыйлығының иегері Мақпал Мұхамедиярқызының туған күні. Әнші 62 жасқа келді, деп жазды qandastar.kz.

Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданында туған. Шымкент мәдениет институтын бітірген.

Өнер жолын «Гүлдер» ансамблінің құрамында халық әндерін орындаушы ретінде бастап, одан кейін «Қазақконцерт» бірлестігінің жанынан «Назерке» ансамблін ұйымдастырған.

Репертуарында қазақ халық әндерімен қатар, қазіргі қазақ композиторларының музыкалық шығармалары бар. Әнші лирикалық әндерді нақышына келтіре орындауымен ерекшеленеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close