ЖаңалықтарШоу бизнес

Мақпал Жүнісова Баян Алагөзованы ашық түрде көмекке шақырды

Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әлеуметтік желіде жариялаған видеосында продюсер Баян Алагөзоваға марқұм композитор Арман Дүйсеновтің отбасына көмек көрсету жөнінде өтініш айтты, деп хабарлайды qandastar.kz

Әншінің айтуынша, Арман Дүйсеновтің жары Айсұлу баспанасыз жүргенін айтып, көмек сұраған. Бұл жағдайдың жүрегіне ауыр тигенін айтқан Мақпал Жүнісова мәселені әкімдікке де хабарласып сұрастырған, алайда ведомство балансында бос үй жоқ екені белгілі болған.

«Өзім-ақ алып берер едім, бірақ артық ақшам жоқ. Миллионердің әйелі емеспін. Сондықтан сенетін бір адамым бар — ол Баян Мақсатқызы. Жолдасы да жағдайы жақсы азамат», – деді халық әртісі.

Ол Арман Дүйсеновтің кезінде Баян Алагөзованы қатты құрметтеп, оның жобаларына белсенді атсалысқанын, «КешYOU» тобының көптеген әнін жазғанын атап өтті.

«Сондықтан тек Баянжаннан ғана үмітім бар. Жолдасы екеуі ақылдасып, бір үй алып берсе, үлкен сауап болар еді. Өзім де екі тойға барып, мүмкіндігінше жарты ақшасын жинап беруге дайынмын. Бірақ халықтан ақша жинау дұрыс болмайды деп ойлаймын», – деді Мақпал Жүнісова.

Ұқсас Мақалалар

Back to top button